Міне, қазақтың тағы да бір қаршадай ғана ару қызы дүйім елді тәнті етіп, Құдай берген талантымен жаһан жұртшылығын өзіне жалт қаратты. Сүйсінбеске, сүйінші сұрамасқа болмасы анық. Орыс режиссері Сергей Дворцевойдың «Айка» атты картинасында басты рөлді сомдаған қазақстандық актриса Самал Еслямова 71-ші мәрте шымылдығын түріп отырған әйгілі Канн кинофестивалінде «Ең үздік әйел» рөліне арналған жүлдеге ие болды.
G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate ЗакрытьЖарқын жеңіс. Ел болып мақтанар мерейлі мезет, ұлт болып ұлықталар тарихи сәт. Марапаттау салтанатына Самалдың ою-өрнекті ұлттық киіммен шыққан сәтінің өзі мұқым қазақтың алты құрлыққа мәртебелі атын шығарып, қазақ руханиятының көкжиегін кеңге жайды.
Туынды шетелдікі болғанмен, тума талант қазақ топырағының түлегі. Ортақ олжаға орыс халқынан артық қуанбасақ, кем қуанбайтынымыз анық. «Сергей, саған көп рақмет. Бұл зор құрмет», деді Самал жүлде тұғырында тұрып.
«Айка» әлеуметтік драмасы Қырғызстаннан келген қыз жайында өрбіген. Кейіпкер Мәскеуде босанып, баласын перзентханаға тастауға мәжбүр болады, картинада сол қыздың аналық сезімі мен қайғы-мұңы суреттеледі. Фильм бес компанияның қолдауымен түсірілген, атап айтар болсақ «Кинодвор» атты Сергей Дворцевойдың студиясы, сонымен қатар Германияның, Польшаның, Қытайдың, Қазақстанның компаниялары. Бұған дейін ол «Тюльпан» фильмінде басты рөлді сомдаған. Ол туынды 2008 жылы Каннда «Ерекше көзқарас» конкурсының бас жүлдесін, жас әділқазылардың жүлдесін, сонымен қатар Францияның білім министрлігінің жүлдесін жеңіп алған болатын. Қазақстандық актриса Самал Еслямова аталған картинада жұмыс істеген уақытта өзінің ешқандай наградалар туралы ойламағандығын айтады. «Сізді суретке түсіргенде, режиссер оны қалай жоспарлағанын білу өте маңызды. Бұл тәжірибе біздің басты мақсатымыз, ол шығармашылық ұжымның алға басуына көп көмектесті», дейді қарагөз қарындасымыз.
Актрисаның қысқаша өмірбаянына келер болсақ, жеңімпаз жерлесіміз 1984 жылы 1 қыркүйекте дүниеге келген. 2011 жылы Ресейдің театр өнері институтын (ГИТИС) бітірген. Актрисаның анасы Гүлмайра мен әкесі Ілияс Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданындағы Аралағаш ауылында туған.
Актрисаның әпкесі Аягөз Сатина болса, Самалдың 2004 жылдан бері Мәскеуде тұрып жатқанын айтады. «Самал ата-анасына жиі келіп тұрады. Енді аты әлемге әйгілі актрисаны оның әкесі мен шешесі жаз айында келеді деп күтіп отыр», дейді ол.
Канн кинофестивалі 8-19 мамыр аралығында өтті. Негізгі фестиваль 21 фильм арасында өткізілді. Аталған жүлде тұғырына жерлесіміздің көтерілуі болашақ жастарды ынталандырып, отандық киноның қарыштап дамуына ықпал етері анық.
Айта кетейік, негізгі бас жүлдені қазылар алқасы «Дүкен ұрлықшысы» фильмін түсірген жапон режиссері Хирокадзе Корээдаға берді. Канн фестивалінің қазылар алқасы Самал Еслямовамен бірге италиялық Марчелло Фонтқа «Догман» картинасы үшін ең үздік ер адам рөлін берді. Рок-музыкант Виктор Цой тағдырына арналған Кирилл Серебренниковтың «Жаз» фильмі ең үздік саундтрек жүлдесіне қол жеткізді.
Мирас АСАН,
«Егемен Қазақстан»